Кемшіліктер мен ескертулер. оларды шешу жолдары:
Бөбекжай жұмысын жоспарлауда нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып бөбекжайда әдістемелік жұмыстың жүйелі жүргізілуі педагогтың кәсіби өсуіне, білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз етуге және тәрбиеленушінің білімін, қабілеттерін жетілдіруде тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйесі жүйелі жүрді. Жылдық жоспарлар, перспективалық жоспарлар, циклограммалар, күн тәртібі, ата-анамен жұмыс, мектеппен байланыс педагогикалық кеңестерде қаралып бекітіліп отырды. “Бір тұтас тәрбие “ бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Педагогтер инклюзивті балалардың педагогтері жеке даму бағдарламалары негізінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жан-жақты жүргізеді. Білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы қауіпсіз, психологиялық жайлы ортаны қамтамасыз ете отырып, тәрбиені ізгілендіру және командалық тәсіл қағидаттарына негізделген.
ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы білім бөлімінің «Балауса» бөбекжайы” КМҚК ШҚО Зайсан ауданының Сарытерек ауылында 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан мектеп жасына дейінгі балаларды қамтып, 22 ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып отырған жалғыз бөбекжай. Кадрлық жасақталу мемлекеттік стандарттар мен заңнамалық талаптарға сәйкес жүргізілген. Тәрбиешілердің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білімі 100% құрайды. Кәсіби біліктілікті арттыру курстарын жүйелі түрде арттыруда. Біліктілік санаты бойынша кезең-кезеңмен жаңа форматта көтеруде.
Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастыруда Білім беру ұйымында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптар сақталды. Жобалық қуат бойынша жас топтары толықтыруының сәйкестігі 100%-ды қамтиды. Мемлекеттік тапсырысқа толық сұраныс бар. Жыл көлемінде балаларды қабылдау, кірген шыққан балаларға бұйрық шығарылып отырды. ЕБҚ балалар ПМПК қорытындысы бойынша алынып, тегін тамақтандырылды. Ауылдық жердегі жалғыз бөбекжай болғандықтан, мүмкіндігіне қарай әр түрлі жастағы балалардан топ құрылды. Мектепке дейінгі балалар «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес қабылданады. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қабылдау, құжаттарды қабылдау бос орындар болған кезде жыл бойы жүргізіледі.
Баланың жеке басын толыққанды қалыптастыру және дамыту үшін ақпараттық ресурстар мен заттық дамытушы ортаның толыққанды жабдықталған, қауіпсіздік пен ерекше оқытуды қажет ететін балаға жағдайлар талапқа сай толықтыруды, жаңашылдықты қажет етеді. Заттық дамытушы ортасының мазмұны тәрбиеленушілердің мүдделеріне сәйкес келеді, жыл мезгілдеріне байланысты өзгереді, балалардың жас ерекшеліктерімен жеке мүмкіндіктері, қол жетімділігі, қауіпсіздік балалардың жасына сәйкестігі, қанықтылығы, мүдделер бойынша аймақтарды жаңаша жаңарту қажеттілігі бар. Бюджеттік өтінім берілген.
Әдістемелік кешендермен 2 топ қамтамасыз етілген 70-80% құрайды. Ұйымдастырылған іс-әрекетте жас топтарының «Алматы кітап» және “Шұғыла” баспасының оқу-әдістемелік кешендерін пайдаланады.
Бағаланатын кезеңдегі тәрбиеленушілердің даму мониторингі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп, бақылау парақтары әр түрлі жас тобына жасына қарай сараланып, бір топтағы жастарына қарай жеке алынды, жеке даму карталары толтырылды.
2022-2023 оқу жылы бойынша қорытынды мониторингте жалпы сапалық көрсеткіш 92,8% көрсетіп отыр.Оның ішінде:
· Физикалық қасиеттерді дамыту — 94%
Коммуникативтік дағдыларды дамыту -90 %
· Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту -94%
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту -92%
·
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру -94%
2023-2024 оқу жылы бойынша қорытынды мониторингте жалпы сапалық көрсеткіш 97,6% көрсетіп отыр. Былтырғы 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда өсім бар. Оның ішінде:
- Физикалық қасиеттерді дамыту — 100%
- Коммуникативтік дағдыларды дамыту -96 %
- Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту -96%
- Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту -98%
- Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру -98%
2024-2025 оқу жылы бойынша бастапқы мониторингте жалпы сапалық көрсеткіш 77% көрсетіп отыр. Оның ішінде:
·
Физикалық қасиеттерді дамыту — 85%
Коммуникативтік дағдыларды дамыту -73 %
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту -78%
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту -68%
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру -80%
Білім беру процесіне қатысушы педагогтер мен ата-аналардан телеграмм желісі арқылы топ құрылып, Google формасы арқылы сауланам сілтемесі жіберілді. Сауалнамаға Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса» бөбекжайы» КМҚК-ның 7 педагогі қатысты. Педагогтерден алынған сауалнама 100% оң нәтиже көрсетті. ата-аналарға арналған сауалнамаға ересек тобының 23 ата-анасы қатысты. (екі ата-ананың 2 баласы бір топта) Сауалнаманың қорытындысы 96,33% оң нәтиже көрсетті.
«Балауса» бөбекжайының өзін-өзі зерделенген материалдарының негізінде ұжыммен мұқият және сапалы жұмыс жүргізілді.
«Балауса» бөбекжайының өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша қорытындысы
Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарының
1-қосымшасы
ШҚО білім басқармасын Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса» бөбекжайы» КМҚК –ның мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттары
р/с № | Бағалау өлшемшарттары | Өлшеуіштер | Балдары |
1 | Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі | 43% | 2 |
2 | Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей)үлесі | 95 — 99 % | 4 |
3 | Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі | 100 % | 5 |
4 | Білім беру ұйымының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы | 95 — 99 % | 4 |
5 | Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23513 тіркелген) сәйкес жағдай жасау | 95 — 99 % | 4 |
6 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету | 95 — 99 % | 4 |
7 | Жас топтары толықтырылуының сәйкестігі (топтар бөлінісінде) | 80 — 94 % | 3 |
8 | Ата-аналардың сауалнама нәтижелерін талдау | 80 % -дан 100% — ға дейінгі респонденттер тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған | 5 |
9 | Педагогтердің сауалнама нәтижелерін талдау | 80 %-дан100% — ға дейінгі респонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдыңжасалудеңгейіне қанағаттанған | 5 |
сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/1Z2EuC5-gUDqzsVnF_swaDjsvK3n8nMe7/view?usp=drive_link
Ұсыныстар:
- Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесін көтеру бойынша жұмыс жасау.
- Жас мамандардың біліктілік санаттылық деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, біліктілік санаты немесе арттырушы санаты жоқ педагогтерді даярлау. Облыстық деңгейде нәтиже алуға талпыну үшін жұмыс жасау. Педагогтардың кәсіби өсу жетістіктерге жетуі үшін (сайыстарға қатысу, білімін көтеру,т.б) бойынша жұмысы жақсарту.
- Жобалық қуаттылыққа қарамастан, топтар жас ерекшелігін ескеру
- Әдістемелік кешендер жаңа ақпараттық технологиямен және бағдарламаға, жаңашыл заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның ойынға арналған материалдары үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес жаңартуды жалғастыру.
- Отбасымен ынтымақтастық жұмысы жаңа форматта жүргізуді жалғастыру.